• Шетелде жүрген Жанар Дұғалова әлемге әйгілі әншімен суретке түсіп, желіні шулатты (фото)
  • Айқын Төлепберген: Димаш ешкімге керек болмады деген бос әңгіме
  • Көркіне АҚШ президенті тамсанған қазақ аруы кім? (фото)
  • Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?
  • Әли Оқаповтың қалыңдығымен түскен суреті желіде талқыға түсті (фото)
  • Джеки Чан Астанада қымбат көлікке отырудан бас тартып, елді таңғалдырды (фото)
  • Жаңа босанған Ақбота Сейітмағамбет диплом алғанын айтып мақтанды (фото)
  • Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубек қазақ тойын "жандырып жүр" (видео)
  • Айсәуле Бақытбек үйлену тойының қашан болатынын айтты (фото)
  • Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды


17:50
Айқын Төлепберген: Димаш ешкімге керек болмады деген бос әңгіме

Айқын "Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар" деп өкпелеген тыңдармандардың сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айқын Төлепберген: Димаш ешкімге керек болмады деген бос әңгіме

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН, АЙҚЫН ТӨЛЕПБЕРГЕН, АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ. ФОТО: INSTAGRAM

"Сіздер (өнер адамдары) Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар, байқамадыңыздар" - деген әңгімеге айтарым", - деп бастады әнші Instagram парақшасындағы жазбасын, - "Димашты өзім 2014-ші жылдан бері танимын. Инста парақшамды сенбесеңіздер қарап шығыңыздар. Және әрқашанда қолдап, өнеріне тәнті болып жүрдік. Өнердегі барлық аға-әпкелері де дәл солай.

Әсіресе қолдау көрсеткен Мәдениет және Спорт министрлігі. "Славян базарын" ұтып келген соң (оған дейін де), үлкен-үлкен саxналарға, мемлекеттік маңызды іс-шараларға шығарып демеу көрсеткен де министрлік, оның ішінде Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза. Астанадағы Димаштың стадионда, әлемдік деңгейдегі шоу-концертіне де тікелей қолдау көрсеткен жоғарыда айтылған ағамыз", - дейді ол.

Айқын "Димаш Қытайға барғанға дейін ешкімге керек болмады" деп айту бос сөз екенін алға тартады.

" "Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады" деген бос әңгіме. Димаштай, Қайраттай, 91 тобындай талантты інілеріміз бен қолдаушы ағаларымыз аман болсын! Және ең бастысы өнер адамдарын өсіретін де, өшіретін сіздер аман болыңыздар, құрметті көрермен қауым!", - деп жазады Айқын.

Желі қолданушылары өз кезегінде Димашты  "Найнти уан" тобының жігіттерімен салыстырмауды өтініп, енді ақталудың қажеті жоқ екенін жазды.

Оқырмандарының назына құлақ асты ма, жоқ әлде басқа себептермен бе, Айқын өзінің жазбасындағы "91 тобындай" деген сөзін алып тастаған.

 

Дереккөз: Nur.kz

Просмотров: 269 | Добавил: Oreke | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar