Главная » 2017 » Июнь » 18 » Джеки Чан Астанада қымбат көлікке отырудан бас тартып, елді таңғалдырды (фото)
    13:07
    Джеки Чан Астанада қымбат көлікке отырудан бас тартып, елді таңғалдырды (фото)

    Қазақстанға келген Джеки Чан басшылар ұсынған люкс санаттағы қымбат көлікке отырудан бас тартып, шағын ғана көлігімен қаланы аралап шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

    Джеки Чан Астанада қымбат көлікке отырудан бас тартып, елді таңғалдырды (фото)

    ДЖЕКИ ЧАН МЕН ЕРЛАН ҚАРИН. ФОТО INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

    Бұл туралы "Қазақстан" корпорациясының басшысы Ерлан Қарин Instagram парақшасында айтып берді.

    Ол Джеки Чанның аса қарапайым екенін алға тартқан.

    Тағы оқыңыздар: Баян Есентаева өзін "қылмыскерге" теңеген қазақ жазушысына жауап берді

    "Бір қызығы, оны Астанаға әкелу үшін ешқандай шығын кеткен жоқ. Ол өзінің жеке ұшағымен достарымен бірге келді. Ешқандай гонорар төленген жоқ. Тіпті люкс санаттағы көліктен бас тартып, қаланы аралау үшін шағын ғана минивэн көлігін сұрады.

    Ал жергілікті астаналық рестораторлар өз кумиріне тегін ас ұсынды. Джекиге кеткен бар шығынымыз: кәдесыйлар мен ЭКСПО билеттері ғана", - деп жазды ол.

    Дереккөз: Nur.kz

    Просмотров: 3521 | Добавил: Oreke | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
© 2018 Muzo.kz - Твоя музыкальная коллекция.
0:00 0:00

Казакша андер