21:35 Төрт ұлдан кейін қызды болған Қарақатты перзентханадан ақ күймемен шығарып алды (фото) | |
Төрт ұлдан кейін қызды болып, арманына жеткен Қыдырәлі мен Қарақат бүгінде елдің назарында. Екі күн бұрын босанып, аяқ қолын бауырына алған әншіні бүгін сағат төртте Астанадағы "Ана мен бала" перзентханасынан шығарып алды. Шығарып алу салтанатының куәсі болған NUR.KZ тілшісі перзентханадан арнайы репортаж әзірледі.
Қарақатты мұндай қуанышты күнде қолдауға ұлдары, туыстары және "Қарақат" өнер мектебінің оқушылары келді. Шығарып алу салтанатына өнердегі әріптестері, оның ішінде Айгүл Иманбаева, Мәдина Сәдуақасова, Айнұр Тұрсынбаева сынды құрбылары жиналған. Перзентханадан шыққан әншіні өзі негізін қалаған "Қарақат" өнер мектебінің оқушылары би билеп қарсы алды.
Жұлдызды жұп баласының есімін қырқынан шығармайынша, елге жарияламауды жөн санапты. Сәбидің кіндік шешесі ретінде олар Қарақаттың Ақжарқын есімді құрбысын таңдаған.
Қыдырәлі жан жары мен көп күткен қызын төселген ақ кілемшенің үстімен аппақ раушан гүлдерімен қарсы алды. Айтуларынша, кішкентайдың салмағы - 2 820 грамм, бойы - 52 см. Қарақаттың айтуынша, қыздың есімін әкесі қояды.
Бір топ журналистер, жақындары мен достары қарсы алған Қарақат өзіне қолдау білдірген барлық жанға алғысын білдірді. Қатты қуанған Қыдырәлі Болманов: "Аз уақыттан соң, Қарақатқа жарты әлемді сыйлаймын", - деді.
©NUR.KZ | |
|
Всего комментариев: 0 | |
|
|