Айқынға «ағашкалар» неге хабарласты? - 22 Ноября 2015 - Скачать казахские песни 2016, Жаңа қазақша әндер 2016,
  • Тәуекел қыздардың жүрегін ауыртпақ
  • Баян Есентаева долларын таратуда
  • Меломендіктер жол апатына ұшырады
  • Аша мен Арман шетелге аттанды
  • Меломен тобы назардан тыс
  • Исабекова оқырмандарымен қоштасты
  • Жанар Дұғалова бағытын ауыстырды
  • Айқынға «ағашкалар» неге хабарласты?
  • Қайрат Нұртас Нюшаға не үйретіп жүр?
  • Нұржан Керменбаев әке атанбақ


00:38
Айқынға «ағашкалар» неге хабарласты?

Өткен бағдарламада әнші Айқын Төлепбергенов елордада алғаш рет жеке кешінөткізгелі жатыр деген едік. Енді міне сол күнге де келіп жеттік. Алайда, әншінің концертіне билет бір жарым апта бұрын бітіп қалыпты. Мұндай жағдай Айқынға халықтың ықыласы жоғары екендігін аңғартса керек. Қазір бұл жағдайға байланысты әншіге түрлі адамдар қоңырау шалуда. 

"Ағашкалар звондайды, «былайда-былай, мен бәрібір билетті табамын. Қай жерде болады? ән жерде болады ма? Қазір мен сол жердің бастығына звондаймын. Бүйтемін-сүйтемін, шешем» деген қоңыраулар болды", - хабарлады Айқын Төлепбергенов. 

Үнемі күліп жүретін Айқын мұндай қоңырауларға да жылы жауап береуге тырысады. Өз тыңдармандарына асқан ықыласпен қарайтын әнші көрермендерді ренжіткісі келмей келесі кештеріне шақырды. 

"Бұйыртса 25-ші қараша күні Балқаш қаласында, 26-сы күні Қарағанды қалаларында үлкен концерттерімізді өткізейін деп жатырмыз. Сондықтан, құрметті көрермендер, Астанаға үлгермесеңіздер Қарағанды мен Балқашқа келе салыңыздар",- дейді Айқын.

Расыменде, мына қалалардың арасы аса алыс емес. Қаласаңыз барсаңыз болады. Сондай-ақ, Айқын алдағы жоспарларыменде бөлісті. 

"Көктемде Алматы қаласында Республика сарайында концерт беру жоспарда бар. Қарағанды мен Балқаш бар. Содан кейін бұйыртса Ресейлік үлкен жұлдызбен дуэт жазуға дайындалып жатырмын. Енді оны айтпай-ақ қояйын кіммен болатынын", - айтты Айқын. 

Осылайша әнші арық айтып, семіз шығауды көздесе керек. Жарайды, сабырмен жаңа дуэтті күтетін боламыз. Тек тағатымызды тауыса көрмеңіз. 

Просмотров: 3825 | Добавил: asror113 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar