Тойды тойға ұластырған жұлдыздар - 4 Ноября 2015 - Скачать казахские песни 2016, Жаңа қазақша әндер 2016,
  • Тәуекел қыздардың жүрегін ауыртпақ
  • Баян Есентаева долларын таратуда
  • Меломендіктер жол апатына ұшырады
  • Аша мен Арман шетелге аттанды
  • Меломен тобы назардан тыс
  • Исабекова оқырмандарымен қоштасты
  • Жанар Дұғалова бағытын ауыстырды
  • Айқынға «ағашкалар» неге хабарласты?
  • Қайрат Нұртас Нюшаға не үйретіп жүр?
  • Нұржан Керменбаев әке атанбақ


02:57
Тойды тойға ұластырған жұлдыздар

Дәстен Шәкіров

 

 

Жаз мезгілінің алғашқы айында, «Рекетир» фильмінің басты кейіпкері Дәстен Шәкіров отау құрды. Актер өзі араласатын жұлдызды ортадан алшақтап, өнер әлемінен алыс жанды жанына серік етіпті. Сұңғақ бойлы жігіттің жүрегін қыз қарапайымдылығымен баурапты. Дәстеннің өмірлік серігінің есімі Ботагөз. Осылайша, жаз ұлан асыр тойдан басталды.

Жалын Тілеуберген

 

Ал, Дәстеннің ізін «V-Әлем» тобының бұрынғы әншісі Жалын Тілеуберген жалғады. Сол кездің өзінде топтың тарағаны белгілі еді. Сол ауыр жаңалықтың орнын жағымды жаңалығымен жабуды көздесе керек. Қолына қондырған құсының есімі – Бота. Оқуын тәмәмдап, қолына енді дипломын алған Тараздық қызды Жалын қағып түсті. Той есленді.

Әсет Қарабалин

 

«Заман» тобының әншісі, әрі бойдағы Әсет Қарабалин де өзге әріптестерінен қалмай отау құрды. Бұл той нағыз жұлдызды той болады. Себебі, әншінің жары Ақбидай да өнерден құр алақан емес. Ал, жігіт жолдас «Арай» тобының әншісі Медет Көжекбаев. Қос ғашықтың үйлену тойы Әсеттің туған жері Атырау қаласында өтті.

Ғабит Әбілдаев 

Көп қыздың қиялдағы ханзадасы бір сұлудың жан-жары болды. Меломеннің жалғыз бойдағы – Ғабит Әбілдаев ақ құсын қолына жаз мезгілінің соңғы айында қондырды. Тараз қаласында қалыңдықтың ұзату тойы өтті. Жас келіннің есімі – Нұрилла. Мамандығы журналист. Отандық телеарналардың бірінде жұмыс істейді. Олар бір сұхбат барысында танысқан. Ғабит сүйкімді қыздың сұлулығына, жандүниесінің рухани байлығына бұрыннан сүйсініп жүрген көрінеді. Жаздағы жұлдызды тойды Ғабиттің өзі түйіндеді.

 Аша Матай мен Арман Қоңырбаев

 

Ал, күздің келісімен дүйім халықтың ел аузында жүрген, айтулы жаңалықтардың бірі Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың үйлену тойы еді. Бір ай бойы  бүкіл БАҚ өкілдері жарыса жазған бұл той, той емес, концертке айналды. Ал, ұзатылып бара жатқанда сыңсуды Ашаның өзі орындады. Сөйтіп, дәстүр бойынша әкесінің ақ батасын алып, жаңа отауына аттанды. Үлкен той 25-ші қыркүйекте өтті.

Нұрлан Алымбеков

 

«Ордалық» Нұрлан Алымбеков ұзақ уақыт бойы сүрбойдақ атанып жүрген еді. Биыл ол атақпен қоштасуды жөн деп тапты. Бойдақтықтан шаршаса керек. Жігіттің қалыңдығы өнерге мүлдем қатысы жоқ. Нақтырақ айтсақ, Алымбековтың жары Сыртқы Істер Министрлігінің қызметкері. Қыз шетелде тұрған. Бәлкім, Нұрланның ұзақ уақыт отау құрмай жүруінің себебі осы да болуы әбден мүмкін. Әйтеуір, «Ордалық» бойдақтардың қатарын азайтты.

Ғалия мен Ален Самыкенов

«Асылдық» Ғалияда өз бақытын тапты. Оның өмірлік серігі де өнерден алыс емес. Отандық «Жұлдыздар фабрикасынан» танымал Ален Самыкеновке өз болашағын сеніп тапсырды. Қобызда еркін ойнап, әнді де шырқайтын қызды жігіт осы күзде қалыңдығы етті. Сондай-ақ, Ғалия тойда қалыңдығына ән арнады. Бұл қос ғашық үшін ерекше күн болды.

Асхат Садырбай

Бұл тізім мұнымен таусылмақ емес. Оны белгілі журналист Асхат Садырбай жалғастырды. Оның қалыңдығының есімі Айғаным. Оның өнерге мүлдем қатысы жоқ. Бұл тойға жиналғандардың көбісі Асхаттың таңдауы қай қызға түскенінде білмеді. Себебі, әнші оны жасырып келген. Сондай-ақ, бұл тойдың өзге тойдан ерекшелігі, әдеттегідей сенбі, жексенбі күндері емес, дүйсенбі күні өтті. Естеріңізге сала кетсек, Шымкенттік пысық жігіт осымен екінші рет отау құрып отыр. Оның алғашқы қалыңдығы әнші Ерке Есмахан.

Шамси 

Ахмет-Әли Байменовте үйленді. Кім деп отырған боларсыз, бұл өзіміздің Шамси ғой. Негізгі нәпақасын мұнайдан табатын әнші шоу-бизнестегі сүрбойдақтар қатарында еді. Енді міне, ол да бұл атақтан құтылды. Әншінің аяғына тұсау салған Зухра есімді ару. Шамси өзінің отау құратыны жайлы жарияға жар салмай, тек үйлену тойы өткен соң ғана айтты.

Мөлдір Әуелбекова

Бұл тізім мұнымен біткен жоқ. Оны келер айда Мөлдір Әуелбекова толықтырмақ. Алдағы уақытта бұл тізімге міндетті түрде қосымыз. Мұнымен бітпейді. Ал, бір басы екеу болған жұлдыздарымызға бақыт тілейміз.

Просмотров: 1304 | Добавил: asror113 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
avatar