• Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады
  • Димаш Құдайберген туған жеріне оралды (фото, видео)
  • Айқынның танымал әншіні тоқалдыққа алғаны рас па?
  • Аша Матай күйеуімен бірге бизнеске бет бұрды (фото)
  • Димаштың орындауындағы фильм саундтрегі Қытайда жылдың үздік әні атағын алды (видео)
  • Экс-депутат Есентаеваның күйеуінің көзіне шөп салғанын Бақытбектен көрді (фото)
  • Жол апатына түскен Ернар Айдар ауруханадан шықты (фото)
  • Көз тимесін: Музыкалық білімі жоқ әншілер
  • Көз тимесін: Ең көңілді әншілер
  • Көз тимесін: Ең тартымды бойдақ жігіттер...


10:59
Головкин Давид Лемьені нокаутпен жеңді

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл - 33 жастағы қазақстандықтың 34-ші жеңісі. Осылайша қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қалды және қарсыласының IBF титулын алды.


© AFP

Қазақстандық боксшы канадалық қарсыласын жетінші раундта нокдаунға түсірген болатын. Ал сегізінші раундта отандасымыз нокаутпен жеңіске жетті.


© AFP

Айта кетейік, кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Кездесу HBO телеарнасында ақылы трансляциялар жүйесі PPV арқылы таратылды. Қазақстандық бұл жекпе-жегі үшін екі миллион доллар гонорар алады. Ал оның қарсыласы Давид Лемье 1,5 миллионды қанжығасына байлады.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мамыр айында америкалық Вилли Монро кішіні нокаутпен жеңген болатын. 


moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/boxing/golovkin-david-lemen-nokautpen-jend-265701/
copyRules

© http://kaz.tengrinews.kz/

 

Просмотров: 587 | Добавил: nazarkassym | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar