• Шетелде жүрген Жанар Дұғалова әлемге әйгілі әншімен суретке түсіп, желіні шулатты (фото)
  • Айқын Төлепберген: Димаш ешкімге керек болмады деген бос әңгіме
  • Көркіне АҚШ президенті тамсанған қазақ аруы кім? (фото)
  • Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?
  • Әли Оқаповтың қалыңдығымен түскен суреті желіде талқыға түсті (фото)
  • Джеки Чан Астанада қымбат көлікке отырудан бас тартып, елді таңғалдырды (фото)
  • Жаңа босанған Ақбота Сейітмағамбет диплом алғанын айтып мақтанды (фото)
  • Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубек қазақ тойын "жандырып жүр" (видео)
  • Айсәуле Бақытбек үйлену тойының қашан болатынын айтты (фото)
  • Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды

Информация к новости
  • Просмотров: 3705
  • Автор: Oreke
  • Дата: 03.08.2017
03.08.2017

Шетелде жүрген Жанар Дұғалова әлемге әйгілі әншімен суретке түсіп, желіні шулатты (фото)

Категория:

Талантты да танымал әнші Жанар Дұғалова әлемге әйгілі шетелдік әнші Николь Шерзингермен суретке түсіп, Instagram желісіндегі оқырмандарын шулатты.

Тыңдармандары шетелде жүр деп болжаған әнші көптен бері сахнада көрінбей кетіп еді. Көпшілік оны халықаралық байқауға дайындық үстінде деп ойлайды. Сондай-ақ, оның елден жырақта жүргенін атақты әншілермен түскен суреттері де дәлелдейді.

Осыдан төрт күн бұрын жоғарыдағы суретті жариялаған Жанар бүгін Николь Шерзингермен түскен селфиімен бөлісті.

"Біздің заманымыздың әдемі және талантты әйелдерінің бірімен!!! Сізбен танысқаным үшін қуаныштымын", - деп ағылшынша жазды ол.

Өз кезегінде әншінің оқырмандары Жанарды шетелдік жұлдызға ұқсатты.

Дереккөз: NUR.KZ

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 693
  • Автор: Oreke
  • Дата: 03.08.2017
03.08.2017

Айқын Төлепберген: Димаш ешкімге керек болмады деген бос әңгіме

Категория:

Айқын "Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар" деп өкпелеген тыңдармандардың сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айқын Төлепберген: Димаш ешкімге керек болмады деген бос әңгіме

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН, АЙҚЫН ТӨЛЕПБЕРГЕН, АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ. ФОТО: INSTAGRAM

"Сіздер (өнер адамдары) Димашты Қытайға барғанға дейін қолдамадыңыздар, байқамадыңыздар" - деген әңгімеге айтарым", - деп бастады әнші Instagram парақшасындағы жазбасын, - "Димашты өзім 2014-ші жылдан бері танимын. Инста парақшамды сенбесеңіздер қарап шығыңыздар. Және әрқашанда қолдап, өнеріне тәнті болып жүрдік. Өнердегі барлық аға-әпкелері де дәл солай.

Әсіресе қолдау көрсеткен Мәдениет және Спорт министрлігі. "Славян базарын" ұтып келген соң (оған дейін де), үлкен-үлкен саxналарға, мемлекеттік маңызды іс-шараларға шығарып демеу көрсеткен де министрлік, оның ішінде Арыстанбек Мұxамедиұлы мырза. Астанадағы Димаштың стадионда, әлемдік деңгейдегі шоу-концертіне де тікелей қолдау көрсеткен жоғарыда айтылған ағамыз", - дейді ол.

Айқын "Димаш Қытайға барғанға дейін ешкімге керек болмады" деп айту бос сөз екенін алға тартады.

" "Қытайға бармай тұрып ешкімге керек болмады" деген бос әңгіме. Димаштай, Қайраттай, 91 тобындай талантты інілеріміз бен қолдаушы ағаларымыз аман болсын! Және ең бастысы өнер адамдарын өсіретін де, өшіретін сіздер аман болыңыздар, құрметті көрермен қауым!", - деп жазады Айқын.

Желі қолданушылары өз кезегінде Димашты  "Найнти уан" тобының жігіттерімен салыстырмауды өтініп, енді ақталудың қажеті жоқ екенін жазды.

Оқырмандарының назына құлақ асты ма, жоқ әлде басқа себептермен бе, Айқын өзінің жазбасындағы "91 тобындай" деген сөзін алып тастаған.

Дереккөз: Nur.kz

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 1334
  • Автор: Oreke
  • Дата: 03.08.2017
03.08.2017

Көркіне АҚШ президенті тамсанған қазақ аруы кім? (фото)

Категория:

Бір кездері қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі "Сен расында да әдемі екенсің" деп сұлулығына тамсанған қазақ аруы Айдай Исаева бүгінде отбасын құрып, бала тәрбиелеп отырған үлгілі ана. "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында Айдай өмірдің басты бақыты ана болу екенін және ішкі жан дүниең сұлу болмаса сыртқы сұлулықтың бос екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көркіне АҚШ президенті тамсанған қазақ аруы кім? (фото)

АЙДАЙ ИСАЕВА. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

"Өмірдің мәні - балада екен. Сәбиім дүниеге келгеннен кейін мен осыны түсіндім, Балама деген махаббатымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бала бақытты болуы үшін ана бақытты болуы керек. Ерлі-зайыптының арасындағы кикілжің, анасының ренжуі, көңіл-күйінің болмауы балаға қатты әсер етеді. Тіпті одан бала ауырып қалуы мүмкін.Сол үшін алдымен аналар бақытты болуы керек", - дейді Айдай.

2014 жылы еліміздің атынан "Әлем Аруы" байқауына қатысқан Айдай Дональд Трамптың мақтауынан соң, өзіне сенімділігі оянғанын айтады.

Онда сырт келбетіңнен бөлек мінезіңе, жүріс-тұрысыңа қатты қарайды. Әлемнің әр елінен келген аруларды қарап өзімнің ешкімнен кем емес екенімді түсіндім. Президент Дональд Трамп: "Сен расында әдемі екенсің", - деп айтқан кезде «Дональд Трамптың көзіне түстім. Демек, ең болмағанда үздік ондықтың ішіне кіретін шығармын", - деп ойладым. Өкінішке орай, олай болмады. Дегенмен мен орын ала алмағаныма өкінбеймін", - дейді ол.

Көркіне АҚШ президенті тамсанған қазақ аруы кім? (фото)

АЙДАЙ ИСАЕВА. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

Айдай жары екеуі қайырымдылықпен айналысады, олар ауру балаларға арнап қор ашқан.

"Мамандығым дәрігер болғандықтан шығар мен қабағы атулы, көңіл-күйі жоқ қарттардың, ашушаң адамдардың жанынан алаңсыз өтіп кете алмаймын. Егер сондай адамдарды көрсем жанына барып, жағдайын білуге тырысамын. Білмеймін неге екенін адамдарға көмектескім келеді. Содан ләззат аламын. Қазір жолдасым екеуміздің "МақсатАйдай фаундейшн" деген қайырымдылық қорымыз бар. ДЦП мен, басқа да емдеуге келмейтін бір-екі науқас адамды шетелге оқуға жібердік. Бір айдан асты. Өздерінің дертінің себебін білу үшін оқып жатыр. Және әр жылдың тамыз айында балаларға қаражат жағынан көмектесеміз", - дейді Қазақ Аруы.

Көркіне АҚШ президенті тамсанған қазақ аруы кім? (фото)

АЙДАЙ ИСАЕВА. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

Еске салсақ, Айдай Исаева "Шымкент Аруы- 2008",  "Алматы- 2013 екінші миссі", "Қазақстан Аруы -2013" жеңімпазы, "Әлем Аруы-2014" конкурсының қатысушысы.

Дереккөз: Nur.kz

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 601
  • Автор: Oreke
  • Дата: 03.08.2017
03.08.2017

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

Категория:

Жаз маусымы келгенде еңбек демалысына шығып, ыстық ауа райы мен теңіздегі демалысқа асығушылар қатары көбейеді. Біреулер өз елімізде демалғанды жөн көрсе, қалтасы көтере алатын жандар басқа елде демалғанды жөн көреді. NUR.KZ порталы биылғы жазын шетелде өткізген танымал адамдар топтамасын ұсынады.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

КОЛЛАЖ: NUR.KZ

Еліміздегі ең сұлу бойдақ жігіт Тәуекел Мүсілім алдымен Мальдив аралдарына, кейіннен Түркия еліне демалысқа барды.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Атышулы "Кешью" тобының  экс-солисі Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген жазғы демалыстарын Түркия елінде өткізгенді жөн көрген.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева жарымен бірге Еуропа еліне саяхаттады.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Биыл ата-ана атанған Арман Қоңыр мен Аша Матай отбасымен Түркияда жүр.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

"Ал-Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы мен Әнел Баталова бал айларын Еуропа елінде өткізіп жүр.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Актриса Гүлшарат Жұбаева отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып келді.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Баян Есентаева кенже қызы Айару және сүйіктісі Тұрсынмен бірге  Санкт-Петербург қаласына барды.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Елдің сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев Анталья қаласына саяхаттап қайтты.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Жуырда ғана Қырғызстанда концерт беріп келген Қайрат Нұртас Италияда жүр.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Бір тойда 15 мың доллар гонорар алатын Тұрсынбек Қабатов бала-шағасымен Түркия елінде жазғы демалысын өткізуге кетті.

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Әр тойдан миллиондап қаржы табатын отандық жұлдыздар қайда демалады?

ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР. ФОТО: INSTAGRAM

Дереккөз: Nur.kz

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 4649
  • Автор: Oreke
  • Дата: 18.06.2017
18.06.2017

Әли Оқаповтың қалыңдығымен түскен суреті желіде талқыға түсті (фото)

Категория:

Жас әнші Әли Оқапов үйлену тойының фотосессиясын алматылық кинотеатрлардың бірінде өткізген деп хабарлайды Express-k.kz  сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Әли Оқаповтың қалыңдығымен түскен суреті желіде талқыға түсті (фото)

ӘЛИ ОҚАПОВ ҚАЛЫҢДЫҒЫМЕН. ФОТО: АНДРЕЙ ХАЛИН

Әли Оқаповтың ақ көйлек киген қалыңдығымен түскен суретін көргендер әншіні елден жасырып, үйленіп алған деген болжам айтуда.

Кейіннен аталған фотосессияның танымал визажист Ирина Хабер мен фэшн-фотограф Андрей Хамицевич өткізген "Бұл махаббат" атты шығармашылық жобасы аясында түсірілгені анықталды

Жұлдызды күйеу жігіттер мен қалыңдықтардың образын шаштараз және визажистер командасы төрт ай бойы жасаған.

Али Оқаповпен бірге қалыңдық рөлін сомадаған арудың әншімен өмірде байланысы бар ма? Бұл сұрақ көпшілікті алаңдатып отыр.

©NUR.KZ

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 1814
  • Автор: Oreke
  • Дата: 18.06.2017
18.06.2017

Джеки Чан Астанада қымбат көлікке отырудан бас тартып, елді таңғалдырды (фото)

Категория:

Қазақстанға келген Джеки Чан басшылар ұсынған люкс санаттағы қымбат көлікке отырудан бас тартып, шағын ғана көлігімен қаланы аралап шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Джеки Чан Астанада қымбат көлікке отырудан бас тартып, елді таңғалдырды (фото)

ДЖЕКИ ЧАН МЕН ЕРЛАН ҚАРИН. ФОТО INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Бұл туралы "Қазақстан" корпорациясының басшысы Ерлан Қарин Instagram парақшасында айтып берді.

Ол Джеки Чанның аса қарапайым екенін алға тартқан.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаева өзін "қылмыскерге" теңеген қазақ жазушысына жауап берді

"Бір қызығы, оны Астанаға әкелу үшін ешқандай шығын кеткен жоқ. Ол өзінің жеке ұшағымен достарымен бірге келді. Ешқандай гонорар төленген жоқ. Тіпті люкс санаттағы көліктен бас тартып, қаланы аралау үшін шағын ғана минивэн көлігін сұрады.

Ал жергілікті астаналық рестораторлар өз кумиріне тегін ас ұсынды. Джекиге кеткен бар шығынымыз: кәдесыйлар мен ЭКСПО билеттері ғана", - деп жазды ол.

Дереккөз: Nur.kz

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 1364
  • Автор: Oreke
  • Дата: 18.06.2017
18.06.2017

Жаңа босанған Ақбота Сейітмағамбет диплом алғанын айтып мақтанды (фото)

Категория:

Жуырда ғана алған рет ана атанып, сүйіктісі Дәуренге шекесі торсықтай ұл сыйлаған Ақбота Сейітмағамбет колледжді тәмамдап, диплом алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында ұстаздарына алғыс айтып, сурет жүктеді.Жаңа босанған Ақбота Сейітмағамбет диплом алғанын айтып мақтанды (фото)

АҚБОТА СЕЙІТМАҒАМБЕТ ҰСТАЗДАРЫМЕН БІРГЕ

20 жастағы әнші Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжін тәмамдады.

Ұстаздарымен бас қосқан Ақбота диплом алғанын атап өткен.

Жаңа босанған Ақбота Сейітмағамбет диплом алғанын айтып мақтанды (фото)

АҚБОТА СЕЙІТМАҒАМБЕТ ҰСТАЗДАРЫМЕН БІРГЕ

©NUR.KZ

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 1721
  • Автор: Oreke
  • Дата: 18.06.2017
18.06.2017

Көптен көрінбей кеткен МС Сайлаубек қазақ тойын "жандырып жүр" (видео)

Категория:

Ел назарына шығуы сиреп кеткен рэпер МС Сайлаубектің қазақ тойын "жандырып жүрген" видеосы желіде тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Үйсіз жүріп, бағы жанған рэпер танымал болғалы біраз уақыт өткен болатын. Содан бері МС Сайлаубекті көрінбей кетті деп іздеп жүрген халық үшін желі қолданушылары оның видеосын таратты.

"МС Сайлаубекті жоқ болып кетті деп іздеп жүргендерге, міне МС Сайлаубек. Осы әншіге өз пікірлеріңіз", - деп жазған видео авторы.

Видеода Сайлаубектің әдетінше, қазақ тойында түсініксіз тілде ән айтып жүргенін және әдемі киініп алғанын байқауға болады.

©NUR.KZ

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 3563
  • Автор: Oreke
  • Дата: 23.05.2017
23.05.2017

Айсәуле Бақытбек үйлену тойының қашан болатынын айтты (фото)

Категория:

Баян Есентаеваның үлкен қызы Айсәуле мен оның сүйіктісі Әлішер БАҚ-қа сұхбат беріп, тойының қашан болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек үйлену тойының қашан болатынын айтты (фото)

КАДР 31 АРНАДАН АЛЫНДЫ

Олар 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді.

Айсәуле мен Әлішер енді өздерінің жақын қарым-қатынастарын жасырмайтынын айтады. Бұдан былай Айсәуленің жігіті енді сүйіктісі жүргізетін Hola Show бағдарламасына қонақ болмақ.

Себебі, бұл жобаның идеясы да толық Әлішерге тиесілі екен. Баяннның болашақ күйеубаласы бағдарламаны жүргізгені үшін Айсәулеге тіпті гонорар да төлеп беретінін жасырмады.

Айсәуле Бақытбек үйлену тойының қашан болатынын айтты (фото)

КАДР 31 АРНАДАН АЛЫНДЫ

Ал тойының қашан болатыны туралы сұраққа олар тосылып қалды.

"Тойыңыз анаңыздікімен тұспа-тұс келейін деп тұрған жоқ па?", - деген сұраққа Айсәуле өзі жауап берді.

"Әлі де аяққа тұрып, өз-өзімізді дамытуымыз керек. Уақыты келгенде той болады", - деп қысқа қайырды ол.

Ал қазір Айсәуле Америкадағы оқуынан академиялық демалыс алып, елде жүр.

Оның айтуынша, ол бастапқыда Лондондағы журналистер оқитын үздік оқу орнына түскен. Алайда сол жылы жігітімен танысқан ол бір жыл бойы қашықтықтан сөйлесіп жүрген. Осылайша, ол Дубайға оқуға аттанып,сол арқылы АҚШ-тағы оқу орнына түскен.

Жастардың айтуынша, олар АҚШ-та жатақханада емес, пәтер жалдап тұрған.

©NUR.KZ

Метки к статье:

Информация к новости
  • Просмотров: 2524
  • Автор: Oreke
  • Дата: 23.05.2017
23.05.2017

Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды

Категория:

Гүлзира Айдарбекова өзінің ұлы Қайрат Нұртас секілді әндерінің барлығы хит болған әншіні білмейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Қайратты Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келгендерге де жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында айтты.

Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайраттай бола алмайды

ҚАЙРАТ НҰРТАС ПЕН ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН. КОЛЛАЖ: NUR.KZ

Ол өзінің ұлын өзге жас әншілермен салыстырғандарды түсінбейтінін айтты. Оның пікірінше, әр әншінің эстрадада өз орны бар.

"Қайраттың әндері түгел хит болды. Ондай әншіні көрген жоқпын, білмейді екенмін. Мейрамбектің әні хит болған шығар... Басында Мейрамбекпен салыстыратын.

Толқын Забировалар "Сен Мейрамбектей бола алмайсың" деп қанша көңілімізді түсірді. Одан кейін Қайратты танымайтын, тыңдамайтын Бибігүл апамызға дейін оны сынап тастады. Қасында Толқын Забирова шәкірті болып жүрген. Соның сөзіне еріп кеткен шығар.

"Тыңдамаймын" деген сияқты әңгіме айтып қалды. Бірақ ол апамызды барлығымыз жақсы көреміз. Қайрат "бір қателескен жері шығар" деп әлі күнге дейін жақсы көреді", - деді ол.

"Мейрамбектен кейін Ернар Айдар шығып келе жатқан кезде, "ойбай, Қайрат, сенен озып бара жатыр" деді. Одан соң Төреғалимен салыстыра бастады. Енді Димашпен салыстыруды шығарды. Басында қатты әсер еткен. Неге Мейрамбекпен салыстырады? Ол Мейрамбекті биік тұлға санайтын, ағасы көріп, содан үлгі алды", - деп наразы болды ол.

"Қайрат жететін шыңына жетіп қойды, ол біреуден кем түсіп қалады деп қорықпаймын. Әр әншінің орны бір басқа. Қайрат сияқты ешкім бола алмайды", - деді Гүлзира Айдарбекова.

"Екеуін салыстыруға мүлдем келмейді. Димаш конкурстың әншісі, оның даусы сұмдық, керемет. Ал Қайрат конкурстың әншісі болмайды. Қайрат Димаш бола алмайды, ал Димаш Қайрат бола алмайды", - деді әншінің анасы.

©NUR.KZ

Метки к статье:

1 2 3 ... 7 8 »